
Соңғы 12-18 ай ішінде Карло Анчелоттидің "Реал Мадридтегі" бапкерлік қызметінен кетуі жиі талқыланып жүр — кейде бұл шешім оның өз еркімен, кейде клуб тарапынан болуы мүмкін деген болжамдар айтылды. Қазіргі таңда ол "Сантьяго Бернабеуде" жұмысын жалғастырып жатыр, оның қазіргі келісімшарты осы жылдың жазында аяқталады.
2022 мен 2023 жылдар аралығында Анчелотти Бразилия ұлттық құрамасын басқаруы мүмкін деген ақпараттар жиі айтылды. Сол кезде ол бұл ұсыныстан бас тартып, "Реалмен” жаңа келісімшартқа отырған еді. Алайда соңғы апталарда Бразилия құрамасы Доривал Жуниормен қоштасқан соң, бұл мүмкіндік қайта туындауы мүмкін.
Relevo мәліметінше, Анчелотти бұл ұсынысты қабылдауға дайын. Ол Бразилия құрамасын басқаруға қарсы емес.
Қазіргі таңда Анчелоттиге "Реал Мадрид” тарапынан қысым жоқ, тіпті сенбі күнгі "Валенсиядан" 2:1 есебімен болған сәтсіз жеңіліске қарамастан, клуб оған сенім артып отыр. Команда әлі де Ла Лигада көш басында және Чемпиондар лигасында өткен маусымда жеңіске жеткеннен кейін басты фавориттердің бірі саналады.
"Реал Мадридтің" келесі бас бапкер ретінде Хаби Алонсоны көзделір отыр. Анчелотти осы жазда кететін болса, оның Оңтүстік Америкаға – Бразилия құрамасына жол тартуы ешкім үшін тосын жаңалық болмас еді.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET