«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

10.12.2020, 16:27
Зидан шәкірттері топтан бірінші орынмен шықты.
«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

"Реал Мадрид" топтық кезеңнен шығу бойынша Чемпиондар лигасының рекордын орнатты, деп хабарлайды Opta.Sport.

Чемпиондар лигасының 6-турында Мадридтік клуб "Боруссияны" 2:0 есебімен жеңіп, В тобында бірінші орынға ие болды. Осылайша, "Реал Мадрид" Чемпиондар лигасында 29-шы рет топтық кезеңнен шықты (1999-2003 жылдар аралығындағы екінші топтық кезеңдерді қоса алғанда).

Қазіргі Чемпиондар лигасында "Реал Мадрид" 10 ұпай жинады. Оның ішінде "Шахтер Донецктен" екі рет жеңілді (2:3 - өз алаңында және 0:2 - қонақта), "Интерді" екі рет жеңді (3:2 - өз алаңында және 2:0 - қонақта), "Боруссиямен" тең түсті (2:2), ал соңғы турда өз алаңында еш қиындықсыз жеңді (2: 0).

"Боруссияға" қарсы матчта мадридтік клубтың шабуылшысы Карим Бензема Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі 50-ші голын соғып, рекорд жасаған Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды қуып жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×