«Боруссия М» футболшылары «Интер» - «Шахтер» матчын алаңнан тікелей эфирде тамашалады

10.12.2020, 16:17
«Реалды» жеңе алмаған «Боруссияның» тағдыры дәл осы матчқа байланысты еді.
«Боруссия М» футболшылары «Интер» - «Шахтер» матчын алаңнан тікелей эфирде тамашалады

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-туры матчында "Реал Мадрид" "Боруссия Мёнхенгладбахты" жеңді. Кездесу Мадридтегі "Альфредо ди Стефано" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Матчтан кейін "Боруссия" ойыншылары "Интер" - "Шахтер" матчының нәтижесін тікелей алаңда қадағалады. Осы кездесудегі тең нәтиже "Боруссияға" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік берді, ал клуб ойыншылары бұл оқиғаны эмоционалды түрде атап өтті.



В тобында соңғы турға дейін төрт клубтың да келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі болды. Топтық кезең қорытындылары бойынша "Реал Мадрид" 10 ұпай жинап, топта көш бастады, "Боруссия" (8 ұпай) екінші орынды иеленді. Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ойнауға "Шахтер" (8 ұпай) мүмкіндік алды. "Интер" соңғы орын алып (6 ұпай), еуропалық жарыстан шығып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×