Зинедин Зидан маусым соңында «Реалдан» кетуге ниетті

10.12.2020, 15:47
Зидан клубтың уәдесін орындамағанына наразы болып отыр.
Зинедин Зидан маусым соңында «Реалдан» кетуге ниетті

Зинедин Зидан ағымдағы маусымның соңында "Реал Мадридтен" кетуге ниетті, деп хабарлайды Diario Gol.

Дереккөздің хабарлауынша, француз маманы корольдік клубтың басшылығына маусымның аяғындағы нәтижеге қарамастан, өз қызметінен кететіндігін анық айтқан. Оның бір себебі - ол "Реалда" ыңғайсыздана бастады. Маусым басталғанға дейін клуб оған Поль Погба, Садио Мане және Эдуардо Камавинганы сатып алуға уәде берген, алайда бұл уәдесінде тұрмады. "Реал Мадрид" президенті Флорентино Перес өз кезегінде маманның кетуіне кедергі болмайды.

Зинедин Зидан "Реалды" 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді, бірақ 2018 жылдан 2019 жылға дейін бір жыл үзіліс жасады. 2001 жылдан 2006 жылға дейін француз корольдік клубта ойыншы ретінде өнер көрсетті және командасымен 6 кубок жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×