Кеше, 16 қаңтарда Эр-Рияд қаласындағы (Сауд Арабиясы) «Кинг Фахд» стадионында «Атлетик» пен «Реал Мадрид» Испания суперкубогін сарапқа салды.
38-минутта мадридтік клубтың жартылай қорғаушысы Лука Модрич есеп ашса, 52-минутта шабуылшы Карим Бензема пенальтиден гол соғып, есепті еселеді.
87-минутта төреші Сезар Сото Градо мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Эдер Милитаоны өз айып алаңында қолмен ойнағаны үшін алаңнан қуып жіберді. Ал «Атлетиктің» жартылай қорғаушысы Рауль Гарсия Тибо он бір метрлік айып добын пайдалана алмады. Осылайша, матч 2:0 есебімен аяқталды. Лука Модрич финалдық кездесудің үздік ойыншысы деп танылды.
«Реал Мадрид» тарихында он екінші рет Испания Суперкубогін жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET