«Каспий» Еуропада доп тепкен қазақстандық футболшымен толығады

17.01.2022, 15:34
Футболшы белоруссиялық клубта жақсы нәтиже көрсетті.
«Каспий» Еуропада доп тепкен қазақстандық футболшымен толығады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноков «Каспийдің» оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін Түркияға келді.

Жақын күндері 22 жастағы Чесноков ҚПЛ клубымен келісім-шартқа отырады деп күтілуде.

Бұған дейін ол Беларусь чемпионатының жоғарғы дивизионындағы клубтармен келіссөздер жүргізген болатын. Өткен маусымда Чесноков »Белшинаға« Беларусь чемпионатының жоғарғы лигасына шығуға көмектесті.

Чесноков «Белшинаға» өткен жылдың сәуір айында ауысты. Өскемен футболының түлегі белоруссиялық клубта 28 матч өткізіп, жеті гол соқты, төрт нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×