«Миланның» шабуылшысы Рафаэль Леау «Реалға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport басылымы.
Дереккөздің мәліметінше, мадридтік клуб португалиялық футболшы үшін шамамен 120 миллион еуро ұсынбақ. Ал Леаудың келісім-шартындағы өтемақы мөлшері 150 миллион еуроны құрайды. Рафаэльдің «Миланмен» келісім-шарты 2024 жылы аяқталады. Италия чемпиондары онымен келісім-шартты тағы екі жылға ұзартқысы келеді.
Леау «Миланда» 2019 жылы «Лилльден» 29,5 миллион еуроға ауысып келді. А сериясының ағымдағы маусымында шабуылшы 34 матчқа қатысып, 11 гол мен 8 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды және Италия чемпионы атанды.
Біздің серіктес: FONBET