«Челси» клубы америкалық кәсіпкердің қолына өтті

27.05.2022, 14:47
Роман Абрамович бұл саудадан ешқандай пайда көрмеді.
«Челси» клубы америкалық кәсіпкердің қолына өтті

«Челси» футбол клубын ресми түрде америкалық кәсіпкер Тодд Бёли сатып алды.

Бұған дейін клубтың сатылғанын Англия Премьер-лигасының басшылығы мақұлдаған болатын. Ұлыбритания үкіметі елдегі барлық шоты бұғатталған Роман Абрамовичтің бұл сатылымнан ешқандай да пайда таппайтынын мәлімдеді. Америкалық кәсіпкер лондондық клубты өз атына жаздырту үшін 4,25 миллиард фунт стерлинг (шамамен 5 миллиард еуро) төледі.

Еске салайық, 2 наурызда Роман Абрамович «Челси» клубын сатуға ниетті екенін хабарлаған еді. Ал 10 наурызда Ұлыбритания үкіметі Абрамовичке және лондондық клубқа түрлі санкциялар жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×