Дани Алвес «Барселонамен» келісім-шартын ұзартпақ

27.05.2022, 16:13
Футболшы қатардан қалмай, Катардағы мундиальға барғысы келеді.
Дани Алвес «Барселонамен» келісім-шартын ұзартпақ

«Барселона» бразилиялық қорғаушы Дани Алвеспен жаңа келісім-шартқа отырмақ. Бұл туралы UOL порталы хабарлайды.

Каталониялық командада 2008-2016 жылдар аралығында ойнаған 39 жастағы Алвес 2021 жылдың қарашасында Испанияға оралған болатын. Бразилиялық футболшы келісім-шарт мерзімінің аяқталғанына қарамастан, мансабын жалғастыруға ниетті, себебі Алвес Катарда өтетін әлем чемпионатына баруды жоспарлап отыр.

Алвес осы маусымда 16 ойынға қатысып, бір гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанды. Ол футбол әлемінде ең көп трофей жеңіп алған футболшы болып табылады (40-тан астам).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×