«Реал Мадрид» «Милан» шабуылшысына көз тікті

27.05.2022, 15:01
Мадридтік клуб португалиялық футболшы үшін 120 миллион еуро төлеуге дайын.
«Реал Мадрид» «Милан» шабуылшысына көз тікті

«Миланның» шабуылшысы Рафаэль Леау «Реалға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport басылымы.

Дереккөздің мәліметінше, мадридтік клуб португалиялық футболшы үшін шамамен 120 миллион еуро ұсынбақ. Ал Леаудың келісім-шартындағы өтемақы мөлшері 150 миллион еуроны құрайды. Рафаэльдің «Миланмен» келісім-шарты 2024 жылы аяқталады. Италия чемпиондары онымен келісім-шартты тағы екі жылға ұзартқысы келеді.

Леау «Миланда» 2019 жылы «Лилльден» 29,5 миллион еуроға ауысып келді. А сериясының ағымдағы маусымында шабуылшы 34 матчқа қатысып, 11 гол мен 8 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды және Италия чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×