“Реал Мадрид” пен дортмундтық “Боруссияның” экс-ойыншысы “Бешикташ” бапкері атануы мүмкін

35 жастағы Нури Шахин ыстамбұлдық “Бешикташтың” тізігінін ұстауы мүмкін. 

“Реал Мадрид” пен дортмундтық “Боруссияның” экс-ойыншысы “Бешикташ” бапкері атануы мүмкін

Кәсіби мансабын 2021 жылы аяқтаған Шахин футболдан алыстай қоймаған. Қазірде ол “Боруссия” бапкері Эдин Терзичтің көмекшісі. Түркия құрамасының экс-ойыншысы “Бешикташ” президенті Хасан Аратпен бірқатар келіссөздер жүргізген. Әзірше Нуридің өз отанына келетіндігі жайында нақты ақпарат жоқ. Бүгінгі кезде Шахин Эдин Терзичтің өзіне керек. Чемпиондар Лигасының финалына бір табан жақын тұрған “Боруссия” бапкері экс-ойыншымен бірге маусымды сәтті аяқтағысы келеді. 

Еске салайық, “Бешикташ” сапында отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. Түрік ұжымына ауысқалы жартылай қорғаушы 26 ойын өткізіп үлгерді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×