«Реал Мадрид» үшінші лига клубынан жеңіліп, Испания кубогінен шет қалды

21.01.2021, 09:48
Үшінші лиганың клубтары қояр емес.
«Реал Мадрид» үшінші лига клубынан жеңіліп, Испания кубогінен шет қалды

Испания кубогінің 1/16 финалы аясындағы “Алькояно” мен мадридтік “Реал” арасындағы кездесуде қосымша уақыттан кейін алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

45 минутта Эдер Милитао есеп ашса, 80 минутта Хосе Сольбес таблодағы есепті теңестірді. Ал овертаймда бір ойыншыға кем ойнап жатқан үшінші дивизион клубы 115 минуттағы Хуанан Касанованың голының көмегімен жеңісті жұлып әкетті. Осылайша мадридтіктер кубокта бесінші мәрте үшінші лига клубтарына есе жіберді. “Алькояно” қақпасын 41 жасар Жозе Хуан Фигерастың қорғағанын да айта кеткеніміз жөн.

Естеріңізге сала кетсек, тағы бір мадридтік клуб “Атлетико” да үшінші дивизионда өнер көрсететін “Корнелья” клубынан 1/32 финалда жеңілген еді. Сол “Корнелья” ертең “Барселонаға” қарсы ойнайды. Каталондықтардың да үшінші лиганың клубынан опық жемесіне кім кепіл?..

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×