«Реалдан» кеткен соң бағы жанған ТОП 10 ойыншы

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
26.06.2020, 03:31
Өткен жолы «Аладоп.кз» «Манчестер Юнайтедте» бағы жанбаған 10 футболшы жайлы жазды. Бүгінгі кезек «Реалда».
«Реалдан» кеткен соң бағы жанған ТОП 10 ойыншы

Самуэль Это`O 1998-2000 ж.

7 матч, 0 гол

Самуэль "Реалға" 17 жасында келді. Оны басшылық бірден жалға бере бастады. "Қара маржан" "Леганес", "Эспаньол", "Мальорка" клубтарында ойнады. "Мальоркада" жүрген кезде ол 13 ойында 6 гол салды. Сосын бұл клуб жас шабуылшыны ұнатып, "Реалдан" түгелімен сатып алды. Камерун форварды "Мальоркамен" Испан кубогын жеңді. 2004 жылы ол "Барселона" сапына ауысты. Сүйтіп өзін бағаламаған "Реалға" қарсы 20 рет алаңға шығып, 11 гол, 5 асисст жасады.

Эстебан Камбьяссо 2002-2004 ж.

67 ойын, 1 гол, 6 асисст

Аргентиналық жартылай қорғаушы жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстанға пенальтиден гол салған. "Реал" басшылығы ол кезде танымал футболшыларға акцент жасайтын. Сондықтан, мен ол талапқа сай келмедім" дейді Эстебан. "Интерге" ауысқан соң бұл жігіттің бағы жанды. 2006-2011 жылдар аралығында ол 5 рет Италия чемпионы атанды. Ал 2010 жылы Чемпиондар лигасын жеңді.

Роберто Сольдадо 2005-2008 ж

27 матч, 4 гол.

Роберто негізі таза "Реалдың" өз академиясының түлегі. "Реал" оны елемей үнемі жалға беріп жіберетін. "Осасуна" сапында ойнап жүріп ол көзге түсті. Сосын 2007 жылы "Реал" оны қайтадан командаға шақырды. Ол небәрі 8 ойынға ғана шықты. Ал негізі "Реалдың" екінші командасында жүрген кезде ол 19 гол салып Сегунданың бомбардирі болған. Кейіннен "Валенсияға" ауысып сонда мықты ойнады. Кейін "Тоттенхэмге" ауысып өзінің карьерасын құртып алды. Сольдадоны "Реал" бағаламады.

Арьен Роббен 2007-2009 ж

65 матч, 13 гол, 15 асисст.

Голландиялық ойыншы "Реалға" "Челсиден" ауысты. "Маған негізі барлығы ұнайтын. Бірақ, Перес президент болғанан кейін Алонсо, Кака, Роналду секілді ойыншыларды алды да, мені бапкерлер қосалқы құрамға жіберді" дейді Арьен. Десе де, Роббеннің "Баварияға" ауысқаны жақсы болды. Ол Германияда жыл сайын чемпион болып, 2013 жылы Чемпиондар лигасын жеңді.

Альваро Негредо 2004-2007, 2009 ж.

0 матч.

"Реалға" екі рет келгенімен Негредоның бәрібір де жолы болмады. "Реал" бұл шабуылшыны да жалға бере берді. "Альмерияда" жүргенде Негредо толығымен ашылды. 73 ойында ол 31 гол салды. Сол кезде "Реал" өзінің түлегін 5 миллионға сатып алды. Өйткені, "Реалдың" аз қаржыға сатып алуға мүмкіндігі болды. Бір айдан соң Негредоны олар 15 миллионға сатып жіберді. "Севильяда" Негредо тамаша өнер көрсетті. 180 ойында 85 гол, 27 асисст жасады. "Севильяда" жүргенде оған "Реалдан" ұсыныс түседі. Бірақ, шабуылшы "өліп кетсем де "Реалға" бармаймын" деп, "Манчестер Ситиге" ауысты.

Уэсли Снейдер 2007-2009 ж.

66 матч, 11 гол, 121 асисст.

Голландиялық ойыншылар 2006-2008 жылдары "Реалда" көп болатын. "Мен Хаби Алонсо келген соң қосалқы құрамда отырып қалдым. Сосын амалсыз кетуге тура келді" деп еске алады Снейдер. Уэсли "Интерге" ауысты да жүлдеден қол үзбейтін болды. Тіпті Чемпиондар лигасын да жеңді. "Реалды" жек көремін демеймін, бірақ ойыншы ретінде ол жаққа барғым келмейді" деді тағы бір интервьюында.

Эсекель Гарай 2008-2011 ж.

31 матч, 1 гол, 13 асисст.

2005 жылы Эсекель Аргентина жастар құрамасымен Әлем чемпионы болды. Ол кезде құрамда Месси, Агуэро, Сабалета секілді бір шоғыр талантты жігіттер болды. Сосын Гарай Сантандерге ауысты. Еуропаны бағындырғысы келген жас жігітті мамандар жақсы бағалады. "Реал" оны 10 миллионға сатып алды. Пепе, Рамос, Рауль Альбиол секілді алыптармен бәсекеге шыдай алмаған Гарайға жарақаттар да кесірін тигізді. "Бенфикаға" ауысқан соң ол өзінің өте мықты қорғаушы екенін көрсетті. "Зенитке" келіп ресейліктерге шоу көрсетті.

Хосе Кальехон 2011-2013 ж

77 матч, 20 гол, 7 асисст.

2010 жылдары "Реал" саясатын өзгертіп танымал жұлдыздарды алғанша енді көрініп келе жатқан испан футболшыларын ала бастады. Мысалы, Педро Леон, Серхио Каналес және Кальехон. Бұл үштіктің ішінде "Реалда" Хосе ғана мықты ойнады. Бірақ, соның өзінде ол өзге клубқа ауысуға мәжбүр болды. "Реалда" жүре берсем жүре беретін едім. Бірақ, менің ойнағым келді. Бенитес мені "Наполиге" шақырған кезде бір секунд та ойланбадым. Мен ол кісіге ризамын" деді Кальехон. "Наполиге" ауысқан соң ол жарқырап шыға келді. Кальехон қазір клуб сапында ең көп ойын өткізген футболшылардың бірі (338 матч).

Мартин Эдегор 2015 ж.

2 матч.

Мартин 15 жасында Норвегия құрамасында дебют жасады. Жас вундеркиндке "Бавария", "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити" секілді алпауыттар таласты. Бірақ, "Реал" скауттары бірінші болып қағып кетті. Мадридке ауысқалы бері ол әр клубқа барып тәжірибие жинап жүр. "Херенвен", "Витесс", "Реал" Сосьедад. Міне, осы бағытта жүрді. Қазір ол Сосьедад қаласының командасында көшбасшы. Биылғы маусымда 30 ойын өткізіп үлгерді. Оған 7 гол мен 8 асисстті қоса кетейік. "Реалда" ойнау оңай емес екенін білетін Мартин "патша клубына" қайтуға асығар емес. Шамасы келесі маусымды да ол "Реал" Сосьедадта өткізетін секілді.

Ашраф Хакими, 2017 жыл.

17 матч, 2 гол, 1 асисст.

Ашрафтың талан екенін бірінші байқаған Зидан болатын. Зинедин Дани Карвахаль жарақат алған кезде Хакимиді алаңға шығарып жүрді. Бірақ, Карвахаль қайта оралып, Хакими қосалқы құрамға кетті. "Боруссияға" ауысқан соң ол өзін жақсы қырынан көрсете бастады. Биыл Ашраф Бундеслигада 9 гол, 10 нәтижелі пас асырды. "Реал" бұл ойыншыны енді 60 миллионға сатқысы келеді. Ал "Боруссия" Дортмунд қорғаушыны тағы бір жыл жалға алғысы келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×