Тома Мёнье Дортмундтық «Боруссия» ойыншысы атанды

26.06.2020, 05:29
Демек, Хакими клубта қалмайтын да секілді.
Тома Мёнье Дортмундтық «Боруссия» ойыншысы атанды

Дортмундтық "Боруссия" ресми сайтында қорғаушы Тома Мёньені алғаны жайлы жарияланды. Қорғаушының Дортмунд клубымен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

"Боруссия" мен ойнағым келген футболды ойнайды: қызықты әрі шынайы. Клуб жанкүйерлері өздерінің ынта-ықыласымен танымал. Шынымды айтсам, "ПСЖ-мен" Идуна Парк Сигналда болған матчтағы атмосфера менің шешіміме әсер етті. Мен өршілмін, сондықтан мен «Боруссиямен» жеңіске жеткім келеді», - деп түсіндірді Мёнье.

2019/2020 маусымда Мёнье «ПСЖ» сапында өнер көрсетті. Футболшы барлық турнирлерде 27 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Коронавирустық пандемияға байланысты Франция чемпионатындағы маусым мерзімінен бұрын аяқталып, "ПСЖ" ел чемпионы деп танылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×