Шотландия Премьер-лигасының аяқталуына алты тур қалғанда "Рейнджерс" мерзімінен бұрын Шотландия чемпионы атанды (55 дүркін).
Бүгін, 7 наурызда "Селтик" "Данди Юнайтедпен" тең ойнады (0:0) және "Рейнджерсті" қуып жетудің математикалық мүмкіндігінен де айырылды. Стивен Джеррардтың шәкірттері 32 матчта 88 ұпай жинады және маусымның аяқталуына алты тур қалғанда "Селтиктен" 20 ұпайға озып кетті.
Бұл Стивен Джеррардтың бас бапкер ретіндегі алғашқы трофейі болды. "Ливерпуль" аңызы "Рейнджерс" командасын 2018 жылдың жазында қабылдады және алдыңғы екі маусымда күміс жүлдеге қол жеткізді.
"Рейнджерс" 2010/2011 жылғы маусымнан бері 9 рет чемпион атанған "Селтиктің" жеңісті сериясын бұзып, Шотландия чемпионы атанды.
Біздің серіктес: FONBET