Ресей чемпионатында легионерлер санына байланысты шектеуді алып тастауы мүмкін

14.08.2021, 16:39
Өзгерістер келесі маусымнан бастап күшіне енуі мүмкін.
Ресей чемпионатында легионерлер санына байланысты шектеуді алып тастауы мүмкін

Ресей футбол одағы РПЛ-дегі шетелдік ойыншылардың санына байланысты шектеуді жойғысы келеді, деп хабарлайды Daily Storm порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, РПЛ клубтарына Ресей футбол одағынан хат келген. Ол жерде командалардағы шетелдіктердің санына байланысты шектеуді жою мәселесі қарастырылған.

Хатта ойыншылардың жалақысы клуб бюджетінің 85 пайызынан аспайтыны туралы ереже енгізу жоспарлары туралы да айтылады. Дереккөз анықтағандай, қазір Ресей футбол одағы клубтардың жауабын білгісі келеді. Өзгерістер келесі маусымнан бастап күшіне енуі мүмкін.

Қазіргі ережеге сәйкес, ресейлік клуб маусымға арналған өтініміне сегізден артық шетелдік футболшыларды қоса алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×