ЦСКА мен «Балтиканың» Ресей Кубогінің топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

14.08.2021, 16:24
Екі команданың да келесі кезеңге шығу мүмкіндігі жоғары.
ЦСКА мен «Балтиканың» Ресей Кубогінің топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Кеше 2021/22 жылғы маусымдағы Ресей кубогінің топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

Ресей кубогінің топтық кезеңінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін ЦСКА «Металлург Липецк» және «Зенит Ижевск» командасымен ойнайды. 

Құрамында қазақстандық шабуылшы Роман Муртазаев ойнайтын калининградтық «Балтика» 8-топқа түсті, онда олар «Химки» мен «Саранскпен» күш сынасады.

10-топтағы ЦСКА матчтары:

2-ші тур. 22-23 қыркүйек: ЦСКА - Зенит Ижевск;

3-ші тур. 27-28 қазан: Металлург - ЦСКА.

«Балтиканың» 8-топтағы кездесулері:

1-тур. 25-26 тамыз: Саранск - Балтика;

3-ші тур. 27-28 қазан: Балтика - Химки. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×