Ресей - Қазақстан. Матчтан кейінгі баспасөз-мәслихаты

02.04.2015, 02:20
Ресей - Қазақстан. Матчтан кейінгі баспасөз-мәслихаты
Ресей мен Қазақстан арасындағы жолдастық матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында қос команданың бапкерлері ойын туралы ойларымен бөлісті.  Юрий Красножан, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері: «Бірінші тайм біз үшін қиын өтті. Сауатты өнер көрсете алмадық. Өз жарты алаңымызда көптеген қателіктер жібердік. Соның нәтижесінде қарсыластарымыз қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Ал екінші таймның бастапқы 15 минуты ұнады. Шабуылда белсенділігіміз артты. Бірнеше гол соғатын мүмкіндігіміз болды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, бірінші тайм екінші таймға қарағанда нашар болды. Бізде бүгін бірнеше жас футболшы өнер көрсетті. Басты мақсатымыз тәжірибелі және жас футболшылардың басын біріктіру болды. Мысалы, Самат Смақов, Марк Гурман, Юрий Логвиненко секілді ұлттық құрама серкелерімен бірге, Жуков, Покатилов, Жаңғылышбай алғаш рет ұлттық құрама жейдесін киді. Қақпашы Стас Покатилов алғашқы ойынында гол жібермегеніне қуаныштымын». Фабио Капелло, Ресей құрамасының бас бапкері: «Бүгін жас футболшыларға ұлттық құрама жейдесін киюуге мүмкіндік беру маңызды болды. Бірінші таймда жақсы шабуылдар ұйымдастыра алдық. Ал екінші кезеңде ойынымыз жүрмеді. Мен Қазақстанның Исландиямен болған соңғы ойынын көрдім. Бірақ 0:3 есебімен жеңілетіндей нашар ойнаған жоқ. Алғашқы екі гол болмашы қателіктен соғылды. Өз шәкірттеріме «Қазақстанның ұжымдасқан ойын көрсете алатынын, сондай-ақ жылдам жүгіретін футболшылардың бар екенін ескерттім. Бұл туралы капитан Василий Березуцкийде баспасөз мәжілісінде айтқан болатын».  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×