
Қазақстан мен Ресей құрамалары жолдастық кездесуінің өтетін орны мен уақыты белгілі болды.
Фабио Капелло мен Юрий Красножан шәкірттері 31 наурызда «Арена Химки» стадионында кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:00-де басталады.
«Арена Химки» стадионында мәскеулік «ЦСКА» мен «Динамо» клубтары Ресей Премьер-Лигасы мен еурокубок ойындарының матчтарын қабылдайды. «Арена Химки» стадионының сыйымдылығы — 18 636 адам.
Қазақстан осыған дейін Молдовамен Түркияда жолдастық матч өткізіп, 1:1 есебімен тең түскен.
Қазақстан құрамасы бұл матчқа дейін 28 наурызда Астанада Еуро-2016 іріктеуі аясында Исландия құрамасын қабылдайды.