Қазақстан жастар құрамасының футболшылары наурыз айының соңында екі жолдастық матч өткізеді.
Саулюс Ширмялис шәкірттері 25 наурызда Хельсинкиде Финляндия жастар құрамасымен, ал 30 наурызда Таллинде Эстония футболшыларымен кездеседі.
- Біз скандинавиялық ойын үлгісін дәріптейтін командалармен ойнаймыз, - деп қарсыласты таңдауын түсіндіреді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис. – Финляндия – бұл Норвегия құрамасмының шағын көшірмесі, біз олармен ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде кездесеміз. Дәл осындай ойын үлгісін эстониялық футболшылар да ұсынады.
Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде Англия, Норвегия, Швейцария, Босния және Герцеговинамен бір топта ойнайды.