Ресей құрамасы Финляндиядан басым түсті

17.06.2021, 03:27
Матчтың тағдырын Миранчуктың соққан голы шешіп кетті.
Ресей құрамасы Финляндиядан басым түсті

Еуро-2020 турнирінің 2-турында Ресей құрамасы Финляндия құрамасын жеңді. Матч Санкт-Петербургтегі "Газпром Аренада" өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Кездесуде Дэнни Маккели бастаған нидерландылық төрешілер тобы қызмет етті.

Ойындағы жалғыз голды Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Миранчук соқты. "Аталанта" футболшысы осы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2020 тобының 1-турында Ресей Бельгиядан ойсырай ұтылған еді (0:3), ал Финляндия, өз кезегінде, Данияны жеңді (1:0).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×