Қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды

16.06.2021, 18:13
Алғашқы матч 22 шілделе, ал жауапты ойындар 29 шілдеге жоспарланған.
Қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды

Бүгін Ньон қаласында 2021/22 жылғы маусымдағы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Елордалық "Астана" бұл кезеңде грекиялық "Арис" клубымен күш сынасады. Алғашқы матч 22 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтеді. Жауапты матч 29 шілдеге жоспарланған.

Румыниялық "Стяуа" клубы "Шахтердің" қарсыласы атанды. Алғашқы матч 22 шілдеде Бухарест қаласында өтеді. Қарағандыдағы жауапты ойын 29 шілдеге жоспарланған.

Хорватиялық "Хайдук" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Тобыл" клубына қарсы ойнайды. Бірінші матч 22 шілдеде Сплитте өтеді. Қостанайдағы қарымта кездесу 29 шілдеге жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×