Зайнутдиновтің командасы тағы да бапкерсіз қалды

16.06.2021, 18:01
Бақтиер жарақатына байланысты бұл бапкердің басшылығымен бірде-бір ойынға қатысқан жоқ.
Зайнутдиновтің командасы тағы да бапкерсіз қалды

Мәскеулік ЦСКА 41 жастағы бас бапкер Ивица Оличпен келісім-шартты бұзатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Олич ЦСКА-ны осы жылдың наурыз айында қабылдаған болатын. Хорватиялық бапкердің басшылығымен ЦСКА 9 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті, бір ойында тең түсіп, 4 мәрте жеңіліске ұшырады.

Бапкердің қызметінен кетуіне негізгі команданың жұмысы мен болашағына клуб басшылығының басқаша көзқараспен қарауы себеп болған. Олич дәл қазіргі сәтте Хорватия құрамасының жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеуде.

ЦСКА клубында Алексей Березуцкий бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×