«Тобылды» жаттықтыратын бапкердің есімі белгілі болды

16.06.2021, 17:50
Бабаянның қызметінен кетуі «Тобылдағы» қаржылық жағдаймен байланысты емес.
«Тобылды» жаттықтыратын бапкердің есімі белгілі болды

"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян қызметінен кетті, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы.

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, қостанайлық клуб Григорий Бабаянның орнына жаңа бапкер іздемейді. Александр Москаленко команданы Қазақстан чемпионатының 16-шы турында "Жетісуға" қарсы өтетін матчқа дайындап қана қоймай, маусым соңына дейін елдің вице-чемпиондарын жаттықтыра бермек. Ал Бабаянның қызметінен кетуі "Тобылдағы" қаржылық жағдаймен байланысты емес.

Айта кетейік, Григорий Бабаян бапкерлік мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырады. Ол "Нижний Новгород" клубын жаттықтыратын болгариялық маман Станимир Стойловтың көмекшісі болып жұмыс істемек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×