Ресей құрамасы жаңа бас бапкер тағайындады

24.07.2021, 05:16
Үміткерлер тізімінде Құрбан Бердыев те бар еді.
Ресей құрамасы жаңа бас бапкер тағайындады

"Ростовтың" бас бапкері Валерий Карпин Ресей ұлттық құрамасының жаттықтырушысы болып тағайындалды. Ресей футбол одағы бас бапкердің кандидатурасы бойынша соңғы шешімді отандық маманның пайдасына қабылдады.

"Валерий Карпинді футбол мамандары мен жанкүйерлерге таныстырудың қажеті жоқ. Ол клуб үшін де, Ресей ұлттық құрамасында да жақсы ойнайтын, өз заманының ең үздік ойыншыларының бірі болды. Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін Валерий Георгийұлы жаттықтырушы ретінде тәжірибе жинады, оның ішінде соңғы жылдары "Ростов" клубында сәтті жұмыс істеді. Ұлттық құрама ол үшін жаңа сынақ. Біз оның тарапынан осында жұмыс істеуге деген ниет пен дайындықты көрдік", - деп Ресей футбол одағының президенті Александр Дюков.

Еске салайық, Ресей құрамасын бұған дейінгі Станислав Черчесов жаттықтырды, ол Еуро-2020-дағы сәтсіздіктен кейін қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×