Андрей Тихонов: «Әлі екінші қадамды жасауымыз қажет»

Тихонов мырзаның төрешілер жұмысына көңілі толған екен.

Андрей Тихонов: «Әлі екінші қадамды жасауымыз қажет»

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Ариспен» болған матч (1:1) туралы өз ойымен бөлісті:

— Біз жақсы есепке қол жеткіздік. Иə, біз бірінші таймда гол жіберіп алуымыз мүмкін еді, бізде екі қателік болды: бір рет қақпашыдан, екінші рет ойыншылардан допты тартып алды. Бірақ қарсылас бірдеңе жасады деп айта алмаймын, десе де белгілі бір қысым болды. Біздiң де өз мүмкіндіктеріміз болды: Педро басымен ұрды — аздап дәлдік жетіспеді. Бірақ бірінші таймдағы мүмкіндіктерімізді ескерсек, 2:0 - жақсы нәтиже. 

— Марин Томасовтың ойыны сізге ұнады ма? Көшбасшы ретінде ол бүгін дубль жасады.

— Марин де, бүкіл команда да жарады. Бүгін бүкіл команда қорғаныста да, шабуылда да керемет жұмыс істеді және Мариннің өзі жеңіске үлкен үлесін қосты. Әрине, сен өз мүмкіндіктеріңді жүзеге асырған кезде бұл сенің үлкен шебер екеніңді кɵрсетедi. Бірақ тағы да қайталап айтамын, бүкіл команданың арқасында осы нәтижеге қол жеткіздік. 

— Команда есепте алға шыққан соң үзіліс жасап, екінші таймда басымдығын екі есеге арттырды. Киiм ауыстыратын бɵлмеде не айтылды?

— Біз кейбір нәрселерді түзеттік, қателіктер болды және жігіттермен сөйлестік. Ең бастысы, біз оларға мүмкіндік бермедік. Иə, олар айып алаңына қауіпті пастар асырды, бірақ Дима мен жігіттер қорғаныста керемет ойнады. Мүмкін мен ойыншы ауыстыру кезінде сәл кешіккен шығармын - бұл менің қателігім: мен Луканы ертерек алмастырғым келді және Жарко шығуға дайындалып жатқан еді. Ол бірінші сары қағазды кездейсоқ алды, содан кейін жағдай осылай болды. Төрешілер ɵзгеше қызмет атқарды, бірақ өз жұмысын өте жақсы орындады деп санаймын. Қазақстанда да осылай тɵрелiк етсе ғой! Мәселе қателікте емес, футболды көре білу қажет. Бұл ойында әр тараптан қарсылық тудыратын қателіктер болған жоқ. 

Иə, «Арис» — біздің жеребедегі ерекше ойын өрнегі бар командалардың бірі. Алайда бұған дейiн айтылғандай, біз жеңіс үшін ойнаймыз. Балалар бүгін керемет кɵрiндi, егер гол жіберіп алмасақ, бізде гол соғатын сәттер міндетті түрде болады және оларды пайдаландық. Менің ойымша, бұл лайықты жеңіс және жігіттер жарады, бірақ бұл бір ғана қадам, əлi екінші қадамды жасауымыз керек. Бізді екінші ойын күтіп тұрғанын түсінеміз, егер жанкүйерлер болса, ол ауыр әрі қызықты матч болар едi. Бізге оңай болмайды, бірақ Грекияда да бiз жеңіс үшiн ойнаймыз.

0 пікір