«Тоттенхэм» Италия чемпионатының үздік қорғаушысын сатып алмақ

23.07.2021, 21:05
Футболшының «Ювентуспен» келісім-шарты 2025 жылға дейін жарамды.
«Тоттенхэм» Италия чемпионатының үздік қорғаушысын сатып алмақ

"Тоттенхэм" "Аталанта" мен Аргентина құрамасының қорғаушысы Кристиан Ромероны сатып алғысы келеді. Лондондық клуб 23 жастағы ойыншымен жеке келісім-шарт талаптары туралы бір мәмілеге келген, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо өзінің твиттер парақшасында.

Ромеро "Тоттенхэммен" 2026 жылға дейін келісім-шарт жасасуға дайын. Қазір "Тоттенхэм" бұл трансфер мәселесін клуб деңгейінде шешіп жатыр.

Кристиан Ромеро - туриндік "Ювентуске" тиесілі футболшы. "Аталантада" 2022 жылдың жазына дейін жалдау шарты бойынша ойнауда. 23 жастағы аргентиналықтың "Ювентуспен" келісім-шарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Өткен маусымда Ромеро А сериясының үздік сол қаптал қорғаушысы атанған еді.

Ромеро Аргентина құрамасында бес матч өткізіп, бір гол соқты. Осы жылы Америка Кубогін иеленіп, турнирдің символикалық құрамына енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×