Ресей құрамасының бұрынғы қақпашысы мансабын Премьер-лигада жалғастыра бермек

11.01.2021, 03:41
Өткен маусымда қақпашы 23 гол жіберіп алды.
Ресей құрамасының бұрынғы қақпашысы мансабын Премьер-лигада жалғастыра бермек

Ресейлік қақпашы Мирослав Лобанцев "Қызыл-Жар СК" клубымен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Премьер-лиганың өткен маусымында 25 жастағы қақпашы петропавлдық клубта 19 матч өткізіп, 23 гол жіберіп алды. Ресейлік қақпашының сенімді ойыны "Қызыл-Жарға" Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға көмектесті. Басшылық қақпашыға келісімшартты ұзартуды ұсынды, ал Лобанцев бұған өзінің оң жауабын берді. 2020 жылғы маусымда Лобанцевтің жалақысы айына 4 мың еуроны құрады.

Қақпашы өзінің атын мәскеулік "Локомотивтегі" керемет ойыны арқылы көпке жария етті. "Спартак" тәрбиеленушісі 2012 жылы "Локомотив" клубындағы дебютін жасады. 2013 жылы ол Ресей құрамасына шақыртылды. Сондай-ақ, ол бірнеше рет ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енгізілді.

"Локомотив" үшін ол тек үш матч өткізіп, бес гол жіберіп алды. Ол "Крылья Советов" сапында бір матч өткізді. Және "Ротордың" негізгі қақпашысы ретінде ФНЛ-дің 2019-2020 жылғы маусымында рекорд орнатты - 575 минут бойы қақпасына гол жібермеді. Лобанцев - Ресей Кубогының екі дүркін жеңімпазы (2014/15, 2016/17).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×