Ресей жастар құрамасының шабуылшысы «Ордабасыға» ауысуы мүмкін

12.03.2021, 04:21
Футболшыны «Ордабасыға» әйгілі бапкер Құрбан Бердыев ұсынған екен.
Ресей жастар құрамасының шабуылшысы «Ордабасыға» ауысуы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Ресей жастар құрамасының шабуылшысы Артур Сагитов "Ордабасы" клубының назарына ілікті.

21 жастағы футболшының агенттері өз клиентін шымкенттік клубқа ұсынды, ал "Ордабасы" басшылығына бұл шабуылшыны танымал бапкер Құрбан Бердыев ұсынды. Сагитов - "Рубин" академиясының түлегі.

Футболшы бұл клубтан басқа "Нижний Новгород" пен "Волгарьда" ойнаған. Тағы бірнеше қазақстандық командалардың Сагитовқа қызығушылық танытып отырғанын атап өткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×