Ресейлік қорғаушы ҚПЛ-ге ауысуы ықтимал

03.06.2025, 15:57

Біраз БАҚ-та ресейлік қорғаушы Георгий Джикия «Қайратқа» ауысуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр.

Ресейлік қорғаушы ҚПЛ-ге ауысуы ықтимал
Георгий Джикия

31 жасар футболшы өткен маусымда РПЛ-де «Химки» сапында 19 ойынға қатысып, нәтижелі әрекетпен көзге түсе алған жоқ. Қорғаушы мен клубтың келісімшарты 2025-жылдың 30-маусымында аяқталады. «Transfermarkt» порталының мәліметіне сәйкес, Георги Джикияның нарықтық бағасы 2.5 млн еуро.

Айта кетейік, осыған дейін «Қайрат» сапына тағы бір ресейлік футболшы Артем Дзюба қосылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Бірақ, шабуылшы «Акрон» клубымен келісімшартын ұзартып, үйренген ұжымында қалуды ұйғарды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×