
Дастан Сәтпаев
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Nike» компаниясымен келісімшартқа отырып, тағы бір тарихи оқиғаға себепкер болды.
Өйткені, 16 жасар талантқа дейін отандық кәсіби футболшылар арасында әлемге әйгілі компаниямен контрактке отырған ешкім болмаған. Жалпы, бұл қазақстандық ойыншылардың ішіндегі алғашқы проффессионалды футбол спонсорымен келісімшарт саналады..
Дастан Сәтпаев биыл ҚПЛ-де 12 ойында 8 гол мен 3 ассисттің авторы атанды. Шабуылшы ұлттық команда сапында 2 кездесуде өнер көрсеткен болатын (ӘЧ іріктеуінде Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы).
Біздің серіктес: FONBET