Ұлттық құраманың тағы бір футболшысы алдағы матчтарға көмектесе алмайды

03.06.2025, 18:57

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов алдағы халықаралық матчтарға қатыспайды.

Ұлттық құраманың тағы бір футболшысы алдағы матчтарға көмектесе алмайды

27 жастағы футболшының саптан шығуына ауруы себеп болған.

Қазіргі маусымда қызылордалық «Қайсар» клубында өнер көрсетіп жүрген Жақсылықов барлық турнирлерде 12 ойынға қатысып, 6 гол соқты. Ол ұлттық құраманың шабуыл шебіндегі негізгі ойыншыларының бірі саналады.

Алайда алдағы екі маңызды кездесуде ол командаға көмектесе алмайды. 5 маусым күні Қазақстан құрамасы Минскте Беларусьпен жолдастық матч өткізсе, 9 маусымда Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі аясында Солтүстік Македониямен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×