Станислав Черчесов Беларусь - Қазақстан арасындағы матчта кімге жанкүйер болатынын айтты

03.06.2025, 20:10

Атақты ресейлік жаттықтырушы Станислав Черчесов 5 маусымда өтетін Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық матч жайлы пікірімен бөлісті.

Станислав Черчесов Беларусь - Қазақстан арасындағы матчта кімге жанкүйер болатынын айтты

«Құрамалардың деңгейі әртүрлі болғанда, барлығы көшбасшылардың қандай күйде келетініне тікелей байланысты. Бұл клуб емес, мұнда ойыншыларға тұрақты әсер ете алмайсың. Бірде олар жақсы формада келеді. Бірде бабында болмайды. Сондықтан фаворитті анықтау қиын. Белорустар, ренжімеңіздер, бірақ мен Қазақстанға жанкүйер боламын.

Беларусь құрамасынан кімді ерекше атап өтер едім? Ешкімді бөліп-жарып айтқым келмейді. Өйткені бұл жаттықтырушыларға қосымша қиындық тудырады. Біреуді мақтасаң, ойыншылар қалай қабылдайтынын ешқашан болжай алмайсың. Жай ғана жақсы ойын өтсе екен деймін. Екі жаттықтырушы да өз командалары жайлы барынша көп ақпарат алса, жақсы болар еді. Іріктеу ойындарында да Беларусь пен Қазақстан мықты командалар екенін көрсетті», – деді Черчесов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×