«Жеңіс» футбол клубы жаңа бас бапкерін таныстырды

03.06.2025, 21:26

Астаналық «Жеңіс» футбол клубы 48 жастағы украиналық маман Андрей Демченконың команда бас бапкері қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

«Жеңіс» футбол клубы жаңа бас бапкерін таныстырды

Андрей Демченко 1976 жылы Украинадағы Запорожье қаласында дүниеге келген. Футболдағы жолын жергілікті «Металлург» клубынан бастап, кейін Мәскеудің ЦСКА командасының қосалқы құрамында ойнаған.

1994 жылы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатынан кейін әйгілі жаттықтырушы Луи ван Галдың шақыруымен Амстердамның «Аякс» клубымен келісімшартқа қол қойды. Осылайша, Демченко Еуропаның үздік клубтарының біріне өткен алғашқы украин жас футболшыларының қатарында болды. «Аякс» сапында 1995 жылы УЕФА Суперкубогы мен құрлық аралық кубогын жеңіп алды.

Кейін футболшы ретінде туған клубы «Металлургке» қайта оралып, «Ильичёвец», «Оболонь», «Гелиос» (Украина) және молдавиялық «Дачия» клубтарында ойнады.

Бапкерлік мансабын 2012 жылы «Металлургте» көмекші ретінде бастап, кейін «Обод», «Верес», «Львов» және «Металлист 1925» клубтарын басқарды. 2021 жылы Грузияның «Дила» клубын тізгіндеп, екі маусым қатарынан ел біріншілігінде қола жүлдегер атанды әрі маусымның үздік жаттықтырушысы деп танылды.

2023 жылы «Динамо» Батуми клубымен Грузия чемпионатын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×