Ресейлік сайт: «Айымбетовтің «Астанаға» ауысуы - шешіліп қойған мәселе»

30.03.2021, 22:20
«Астана» шабуылшыны маусым соңына дейін жалға алмақ.
Ресейлік сайт: «Айымбетовтің «Астанаға» ауысуы - шешіліп қойған мәселе»

Елордалық "Астана" 25 жастағы шабуылшы Абат Айымбетовті "Крылья Советов" клубынан жалға алу туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Матч ТВ.

Дереккөздің хабарлауынша, нақты мәліметтер алдағы екі-үш күнде пайда болады. Мәселе іс жүзінде шешіліп қойды, қос клуб 25 жастағы шабуылшыға жалақы төлеу мәселесін талқылауда.

Футболшы қысқы трансферлік терезе жабылар тұста "Крылья Советов" клубына ауысқан болатын. Команданың бас бапкері Игорь Осинькин ойыншыға сенім артпады. Шабуылшы ФНЛ-дің ағымдағы маусымында бірде-бір ойынға қатысқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×