«Интер» клубы логотипін ауыстырды

30.03.2021, 21:52
Жаңа логотип бұрынғы нұсқасына сай келеді.
«Интер» клубы логотипін ауыстырды

Миландық «Интер» ресми сайтында клубтың жаңа логотипін ұсынды.

«Жаңа логотип клубтың тарихи белгісін заман талабына сай түсіндіруге жеңілірек және минималистік формада ұсынылған. Ол эмблеманың бұрынғы нұсқасына сай келеді.

«I» және «М» әріптеріне баса назар аударылады. «F» және «C» әріптері клубтың атауын жазуда қолданылады: FC Internazionale Milano. Осылайша, логотиптің графикасы жеңілдейді. Және мұнда пайдаланылған түстер 1908 жылғы 9 наурызда жасалған логотиптегідей өзгеріссіз қалады, бірақ жарқын бола түспек. Жаңа логотипті жасау әлемдегі ең танымал графикалық дизайн студиясының бірі Bureau Borsche командасына сеніп тапсырылды», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

«Интердің» жаңа логотипі 2021/2022 жылғы маусымнан бастап қолданысқа енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×