Зайнутдиновтің агенті футболшыға «Аталантаның» қызығушылық танытқаны туралы ақпаратты растады

30.03.2021, 17:57
ЦСКА клубына ресми ұсыныс түссе Бақтиер мұны қарастыратын болады
Зайнутдиновтің агенті футболшыға «Аталантаның» қызығушылық танытқаны туралы ақпаратты растады

Қазақстан ұлттық құрамасы мен ресейлік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың агенті Юрий Новиков ойыншыға "Аталанта" клубының қызығушылық танытқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Спорт-Экспресс басылымы

"Бақтиерға "Аталантаның" қызығушылық танытқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келеді. Бақтиер кетуге дайын ба? Егер ұсыныс екі тарапты да қанағаттандырса, меніңше, бәрі риза болады. Ең бастысы - ЦСКА клубына ресми ұсыныс түсу керек", - деді Новиков.

Зайнутдинов осы маусымда клубтық деңгейдегі барлық турнирлерде 29 матч өткізіп, 1 гол мен 3 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×