Серхио Агуэро «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлады

30.03.2021, 16:49
«Манчестер Сити» клубы «Этихад» стадионының алдына Агуэроға арнап мүсін орнатпақ.
Серхио Агуэро «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлады

"Манчестер Сити" шабуылшысы Серхио Агуэро осы маусымның соңында клубтан кететінін мәлімдеді.

Аргентиналық футболшы твиттердегі парақшасында "қалалықтармен" келісім-шартының ұзартылмайтындығы туралы арнайы мәлімдеме жасады. "Манчестер Сити" де бұл ақпаратты растады.

"Өмірдің белгілі бір кезеңі аяқталғанда, әртүрлі сезімдер пайда болады.

"Манчестер Ситидегі" 10 маусымнан кейін менде қанағат пен мақтаныш сезімі пайда болды. Қазіргі кезде кәсіби футболшы үшін бір клубта осынша уақыт өткізу - көп көздесе бермейтін жағдай. 10 маусымда біз үлкен жетістіктерге жеттік, мен клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанып, "Ситиді" жақсы көретіндердің барлығымен керемет байланыс орната алдым. Бұл адамдар менің жүрегімде мәңгілікке қалды.

Мен "Манчестер Ситиге" 2011 жылы клубты қайта құру кезінде қосылдым. Қожайындардың көмегі мен көптеген ойыншылардың қосқан үлесінің арқасында біз өзімізді әлемдегі ең ұлы клубтардың бірі ретінде таныта алдық.

Енді осы деңгейді сақтау міндеті басқа ойыншылардың мойнында болады. Ал мен маусымның қалған уақытында жоғары деңгейде жұмыс істеймін, тағы бірнеше титулға ие болып, жанкүйерлерімізге қуаныш сыйлау үшін бар күшімді саламын.

Содан кейін жаңа кезең мен жаңа сынақ басталады. Мен бұл сынаққа жоғары деңгейде ойнау арқылы қарсы тұруға дайынмын", - деді Агуэро.

Серхио Агуэро "Манчестер Ситиге" 2011 жылдың жазында мадридтік "Атлетикодан" ауысқан. Трансфер құны 40 миллион еуроны құрады. Оның "қалалықтармен" келісім-шарты 2021 жылы 30 маусымда аяқталады. Аргентиналық шабуылшы Англия чемпионатының осы маусымында сегіз кездесуге қатысып, бір гол соқты.

"Манчестер Сити" сапында ол төрт рет Англия чемпионы атанды, бес рет Лига кубогін иеленді, үш рет ел Англия Суперкубогін жеңіп алды, сонымен қатар 2018/2019 жылғы маусымда Англия Кубогінің иегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×