Ресейліктер шерушілердің қасында тұрмақ

03.06.2012, 22:52
Ресейліктер шерушілердің қасында тұрмақ
Варшава қаласының қақ ортасында орналасқан «Бристоль» қонақүйінің алды Польша астанасының тұрғындарының үнемі наразылық шерулер өткізетін орнына айналған. Еуро-2012 кезінде осы жерде талай шерулер өтеді деп жоспарланған. Ал алдын ала белгілі болғандай осы қонақүйде Ресей ұлттық құрама командасы орналаспақ. Осыған байланысты Ресей футбол қауымдастығы түрлі ой талқылар жасап, қонақүйді ауыстырсақ қайтеді дегендей шешімге келген. Бірақ, команда ойыншылары мен бапкерлерге бұл шерулерден келіп-кетер зор нұсқанның жоқтығы айтылып, ойыншылар осы қонақүйді жөн санаған болатын. Енді ресейліктер «Бристольды» Еуро додасы аяқталғанша мекендейтін болады. Және Ресей командасы қонақүйге көшіп келгеннен кейін ТУ-154 ұшағының құлауына байланысты орын алған қазаны еске алатын шеруге дәл келмек. Онда Польша билігінің біршама өкілдері еске алынып, президенттің өлімі тағы бір мәрте ескеріліп өтеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×