Ресми: Беньямин Хенрикс «РБ Лейпциг» ойыншысы

09.07.2020 17:40 Бундеслига

«Монако» өз ойыншыларын сатуды бастады. Бұл трансферлік терезеде де қыруар қаржы табады.

Ресми: Беньямин Хенрикс «РБ Лейпциг» ойыншысы

Германиялық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хенриксті 2020/21 жылғы маусымының соңына дейін жалға алды. Сондай-ақ, келісімшартта 15 миллион еуроға сатып алу нұсқасы да қарастырылған.

Айта кетейік, 23 жастағы қорғаушы «Монакоға» 2018 жылдың жазында «Байерден» 20 миллион еуроға ауысып келді. Содан бері 44 матчқа қатысты. Сонымен қатар, қорғаушы Германия құрамасы сапында үш ойын өткізіп үлгерді.

0 пікір