Винисиус вирус жұқтырған болуы мүмкін

09.07.2020, 18:02
Тест қателескен болуы да мүмкін екен.
Винисиус вирус жұқтырған болуы мүмкін

«Реал Мадридтің» бас бапкері Зинедин Зидан шабуылшы Винисиус Жуниор коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін хабарлады.

«Дәрігер маған тесттің оң екенін көрсетті. Біз екінші тексеру жүргіздік, бүгін түстен кейін нәтижесін білеміз. Кейде сынақтар сәтсіз болады, олай болып тұрады. Әдеттегідей, мұндай жағдайда ойыншы жаттығу жасай алмайды. Винисиус сау және ертең жаттығуға орала алады деп үміттенемін», - деді Зидан Marca-ға берген сұхбатында.

Винисиустің «Реалдың» шабуылындағы серіктесі Лука Йович оқшауланған болатын, Луканың досынан коронавирустың белгілері табылған болатын. Сербтің тест нәтижесі теріс, бірақ ойыншыға жақын уақытта үйден шығуға тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×