Ресми: Диогу Жота - «Ливерпуль» ойыншысы

20.09.2020, 03:27
Шабуылдағы үштік қателеспеуге дайындала беріңдер!
Ресми: Диогу Жота - «Ливерпуль» ойыншысы

«Вулверхэмптон» клубының португалиялық шабуылшысы Диогу Джота «Ливерпульмен» келісімшарт жасасты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Трансферлік құны шамамен 43 миллион еуроны құрайды. Ойыншының жаңа клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды.

«Бұл ерекше команда. Маған "Ливерпульдің" қарқыны мен ұмтылысы ұнайды. Менің ойымша, бұл керемет ойын стилі және мен де солай ойнағым келеді. "Ливерпуль" өткен маусымда керемет болды. Команданың басқа клубтарға қарағанда алаңдағы ойыншылары көп сияқты көрінді. Осы маусымда біз тағы да осындай жетістікке жете аламыз деп үміттенемін.

Салах, Мане және Фирмино - әлемдік деңгейдегі ойыншылар. Олар әрқашан жеңіске жетуге тырысады. Олар көп гол соғып, бірлесіп жұмыс істейді. Мен осы команданың мүшесі болғым келеді, осы үштікке қосылғым келеді. Олардың маған қарағанда тәжірибесі мол екені анық, сондықтан бірінші кезекте ойыншылармен байланыс орнатып, олардан сабақ алу керек. Мен клубқа көмектесе аламын деп үміттенемін», - деді Жота "Ливерпульге" ауысқаны жайлы.

23 жасар Жота "Вулверхэмптонға" 2017 жылы келген болатын. Португалиялық шабуылшы өткен маусымда Премьер-лигада 34 матчқа қатысып, 7 гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Ал Еуропа лигасында 14 матчта 9 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×