Ресми: Фрэнк Лэмпард қызметінен кетті

25.01.2021, 22:47
Команда Томас Тухельге сенім артпақ.
Ресми: Фрэнк Лэмпард қызметінен кетті

"Челси" өзінің ресми сайтында бас бапкер Фрэнк Лампардтың отставкаға кететіні туралы хабарлады.

"Бұл клуб басшылығы үшін оңайға соқпаған өте қиын шешім болды. Біз Фрэнкке бас бапкер ретінде қол жеткізген жетістіктері үшін ризамыз. Алайда, соңғы нәтижелер мен көрсеткіштер клубтың үмітін ақтамады, нәтижесінде команда турнирлік кестенің ортасында қалды.

Фрэнк сияқты клубтың аңызымен қоштасу өте қиын, бірақ ойлана келе, осы маусымдағы нәтижелерді жақсарту үшін өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды", - делінген клубтың хабарламасында.

Лампардтың орнын "Пари Сен-Жерменнің" бұрынғы бас бапкері Томас Тухель басатын болды. Неміс маманы мен "Челси" арасындағы келісімшарт 2022 жылға дейін есептелетін болады.

Лэмпард 2019 жылдың жазында "Челсидің" бас бапкері болып тағайындалған еді. Қазіргі уақытта команда 19 турдан кейін 29 ұпаймен Премьер-Лиганың турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×