«Барселона» ресми сайтында туриндік «Ювентустың» босниялық жартылай қорғаушысы Миралем Пьяничті алғаны туралы келісімін жариялады.
Каталониялық клуб футболшы үшін 60 миллион еуро төлеуі тиіс және бонус есебінен бұл сомаға тағы 5 миллион еуро қосып беруі мүмкін болған. Жартылай қорғаушы Барселонамен 2024 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды. Пьяничтің жаңа келісімшартындағы трансфер құны 400 миллион еуроны құрайды. Трансфер 2019-2020 жылғы маусым нақты аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барселонаның» бразилиялық жартылай қорғаушы Артур Рамос «Ювентусқа» 72 миллион еуроға көшкен болатын. Нәтижесінде клубтар бір-біріне ақша төлемейді, тек «Ювентус» «Барселонаға» 10 миллион еуро төледі. Осылайша ойыншылар бір-бірімен алмасты.
«Ювентус» Пьяничті 2016 жылдың жазында «Ромадан» 32 миллион еуроға сатып алды. Осы маусымда 30 жастағы жартылай қорғаушы А сериясының 24 матчына қатысып (негізгі құрамда 22), үш гол соғып, екі голдық пас берді.
Біздің серіктес: FONBET