Ресми түрде «Ювентустан» кететінін мәлімдеген Буффон мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

12.05.2021, 17:00
Қақпашы бұрынғы клубы «Пармаға» оралуы да мүмкін.
Ресми түрде «Ювентустан» кететінін мәлімдеген Буффон мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

"Ювентустың" 43 жастағы қақпашысы Джанлуиджи Буффон мансабын "Барселонада" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Footmercato.

Дереккөздің хабарлауынша, "Барселона" Буффонды Марк-Андре тер Штегенді алмастыратын қосалқы қақпашы болады деп санайды. Каталондықтар қақпашымен келіссөздер жүргізіп үлгерген екен.

Бұған дейін Буффон ағымдағы маусымның соңында "Ювентустен" кететінін мәлімдеген еді:

"Әр оқиғаның басы және соңы болады. Міне, менің "Юведегі" уақытым аяқталды. Мен бұл шешімді қабылдау үшін бірнеше ай бойы ойландым. Бірақ бұл оңай шешім емес. Бұл жерден кету оңай емес, себебі мұнда менің тарихым, қуанышым, көз жасым және менің үйім бар.

Бірақ мен клубтан кететін уақыттың жеткенін білемін. Үлкен алғысымды білдіремін. Мен бұл командаға бәрін бердім. Алғаным да аз болмады Әрқашан соңына дейін күресу керек", - деді футболшы өзінің инстаграм парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Буффон 2001 жылдың шілдесінде "Пармадан" туриндік клубқа ауысқан болатын. Трансфер құны 52,8 миллион еуроны құрады. 17 жылдан кейін ол "Пари Сен-Жерменге" еркін агент ретінде қосылды, бірақ бір маусымнан кейін қайтадан Туринге оралды. Жалпы Джанлуиджи "Ювентус" сапында 683 матч өткізген, 322 кездесуде қақпасына гол жібермеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×