36 жастағы Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав Алматының "Қайратымен" келісімшартқа отырды.
Келісім алты айға есептелген, әрі қарай ұзарту мүмкіндігі де бар. Футболшы Бауыржан Исламхан бұрын ойнаған «9» ойын нөмірін алды.
Вагнердің кәсіби мансабы жергілікті "Пальмейраспен" келісімшарт жасасқан кезде 16 жасында басталды. 2004 жылы Лав "ЦСКА-мен" келісімшартқа отырды. Ресейлік команда құрамында шабуылшы 2004/05 маусымда Лиссабондағы «Спортингке» қарсы финалда үшінші голды соқты. Сондай-ақ, бразилиялық алты рет Ресей кубогын, төрт реи Суперкубокты және үш чемпиондық титулды жеңіп алды (2005, 2006, 2012/13). Мәскеу клубында ойнап, шабуылшы УЕФА кубогының үздік бомбардирі және РПЛ-дің үздік мергені атанды.
Осы клубтардан басқа, Вагнер «Фламенго», «Шандонг Луненг», «Коринтианс», «Монако», «Аланьяспор» және «Бешикташ» клубтарында да ойнады. Форвардтың соңғы клубы 2015 жылы Бразилия чемпионатында жеңіске жеткен "Коринтианс" болды. Бразилия ұлттық құрамасының құрамында Вагнер Лав екі рет Америка Кубогын жеңіп алды. Барлығы шабуылшы өз елінің негізгі командасы үшін 20 матч өткізіп, 4 гол соқты.
Бүгін ол тіпті "Қайрат" сапындағы алғашқы жаттығуын да өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET