Ривалдо: «Гвардиола Мессиді қалай ойнату керектігін біледі»

27.08.2020, 16:29
Ривалдо Мессидің кез-келген лигада ойнай алатынына сенімді
Ривалдо: «Гвардиола Мессиді қалай ойнату керектігін біледі»

«Барселонаның» бұрынғы футболшысы Ривалдо Лионель Мессидің «Манчестер Ситиге» ауысуы туралы қауесеттерге түсініктеме берді.

"Ол 33 жаста, бірақ оның қасиеттері мен таланты сөзсіз керемет, және менің ойымша, ол әлі бірнеше жыл жоғары деңгейде өнер көрсетеді. Ол Англияда тез жарқырап кетуі мүмкін. Гвардиола Мессидің қабілеттерін жақсы біледі және оны тез арада командаға қосып, одан нәтиже алуға шешім табады. Мен тіпті Гвардиоланың бүкіл команданы Мессидің айналасына құрып жатқанын елестете аламын. Оның таланты кез-келген жерде, кез-келген уақытта матчтың тағдырын өзгерте алады және мен оның Премьер-Лигада топ жара алатыныма сенімдімін. «Барселонаның» үздік ойыншысы Лионель Мессидің келісімшартты бұзу туралы ережені қолдануға тырысып жатқанын көру өте өкінішті, бірақ екі жақты да тыңдап, шын мәнінде не болып жатқанын түсінуге тырысуымыз керек", - деп келтірді Daily Mail Ривалдоның сөздерін.

Бұған дейін Мессидің "Барселонадан" кетуге шешім қабылдағаны туралы хабарланған болатын. "Манчестер Сити" аргентиналыққа үш жылдық ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынуға дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×