Робби Кин енді Дэвид Бехкэммен бірге доп тебетін болады

20.08.2011, 04:02
Робби Кин енді Дэвид Бехкэммен бірге доп тебетін болады
Футболдан Ирландия құрамасының ойыншысы Робби Кин жаңа командаға келді. 31 жастағы шабуылшы ағылшындық «Тоттенхэм» клубында соңғы маусымда жасыл алаңға сирек шығып, қосалқы құрамда отырған. Сондықтан да болар мұхиттың арғы жағынан келген ұсынысты бірден қабылдаған ирландиялық енді Дэвид Бехкэммен бірге доп тебетін болады. Америкалықтар талантты футболшыны үшін 3 миллион 500 мың фунтқа бағалапты. «Тоттенхэм» сапында Робби Кин 303 кездесу өткізіп,қарсыласының қақпасын 122 рет дәл көздеген. Өз кезегінде сөз алған даңқты футболшы тезірек ойынға араласқысы келетінін мәлімдеді. Ктк телеарнасы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×