«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски жақын арада «Барселонамен» келісім-шартқа отырады. Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, мюнхендіктер каталониялық клубтың ұсынысын қабылдаған.
Левандовски «Барселонамен» үш жылдық келісім-шарт жасасады, ресми ақпарат осы демалыс күндері шығады деп күтілуде. «Бавария» поляк шабуылшысы үшін 50 миллион еуро алады.
Мансабын Испанияда жалғастырғысы келген Роберт «Челси» және ПСЖ-мен келіссөздер жүргізгісі келмеді.
Өткен маусымда Левандовски «Бавария» сапында барлық турнирлерде 46 матчқа қатысып, 50 гол соғып (Бундеслигада 35, Чемпиондар лигасында 13, Германия Суперкубогінде 2), 7 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET