РОБЕРТО КАРЛОС ФУТБОЛДАН КЕТПЕК

25.06.2011, 16:41
РОБЕРТО КАРЛОС ФУТБОЛДАН КЕТПЕК
Белгілі аяқдопшы Роберто Карлос өз мәнсабын аяқтап, Ресейден кетемін деп ескертуде. Естеріңізге сала кетейік, “Анжи” сапында өнер көрсететін бразилиялық теңбіл доп шеберіне алаңда банан лақтырылған болатын. Бұл жәйт Самарада өткен премьер-лиганың кезекті матчында орын алған. Бүгін белгілі болғанындай стадион қызметкерлері осыны ұйымдастырған жанкүйерді тапты. Алайда, ол адам іске қатысы бар екенін мүлдем мойындап отырған жоқ. Бұл Роберто Карлосқа ұлтшылдық себеппен көрсетілген алғашқы көрініс емес. Осыған дейін бразилиялық ойыншыға банан көрсеткен “Зениттің” жанкүйері үшін клуб 300 мың айыппұл төлеген. Оқиға қайталанғандықтан, Роберто Карлос футболды қоюды ойлағанын айтты. “Әзірше мен ойынды жалғастырамын, бірақ егер осындай оқиға тағы қайталанса, Ресейден кетемін”,- деді ол.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×